Наурыз мейрамы" апталығының екінші күні. Барлық жас топтарында тәрбиешілер балаларға ежелден келе жатқан салт-дәстүрлер жайлы айтып, демонстрациялық түрде көрсетті. Салт-дәстүр — әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы.