oC
Кездесу барысында жас ұрпаққа қазақ халқының мәдени мұрасын сақтау және жеткізу мәселелері қарастырылды. Педагогтер балаларды ұлттық дәстүрлермен, әдет-ғұрыптармен, ауыз әдебиетімен, музыкамен және қолөнермен таныстыруға бағытталған тиімді жұмыс түрлерін талқылады. Педагогикалық кеңес мазмұнды әрі нәтижелі өтті. Балаларды Қазақстанның мәдени мұрасын зерделеу арқылы рухани-адамгершілік тұрғыда тәрбиелеуге бағытталған дәстүрлі және заманауи жұмыс түрлерін одан әрі енгізу туралы шешімдер қабылданды.