«№7 бөбекжайы» КМҚК - 13 мектепке дейінгі топтан тұратын тәрбиелеу-білім беру кешені.
Ғимараттың пайдалануға берілген жылы - 1988 жыл.
Иеленіп отырған жалпы аумағы: 2669,4 ш.м.
Жобалық қуаттылығы – 325 бала.
Қостанай қаласы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №7 бөбекжайы» КМҚК заңды тұлға болып табылады, жедел басқару құқығындағы мүлкі бар, дербес балансы және банктік шоты бар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік тілде өз атауы көрсетілген мөрі, мөртабаны, фирмалық бланкілері бар.
Мектепке дейінгі ұйымның ішкі қызмет тәртібін реттейтін құрылтай құжаттары:
Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік: 2006 жылғы 07 қыркүйектегі № 229-1937-01 ГП.
Білім беру ұйымының Жарғысы: 2013 жылғы 24 желтоқсанда № 894 бекітіліп, әділет органдарында тіркелген.
Қостанай қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 23 шілдедегі № 1891 қаулысының негізінде жер учаскесін пайдалану құқығы берілген.
Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі: 12-193-027-4464, жер учаскесінің алаңы – 0,7705 га.
Соңғы аттестаттау өткізілген жыл: 2026 жыл.
Мектепке дейінгі ұйымның жұмыс режимі: аптасына бес күн, жұмыс уақыты 7:00-ден 19:00-ге дейін. Бөбекжайда балалар үшін 5 мезгілдік теңгерімді және тиімді тамақтану ұйымдастырылған.
Бөбекжайда 13 топ жұмыс істейді, мемлекеттік тапсырыс – 325 бала.
Жалпы білім беретін топтардың орташа толықтырылуы 20–25 баланы құрайды.
Оқыту және тәрбиелеу тілі: қазақ және орыс тілдері. Оның ішінде 8 топ мемлекеттік тілде, 5 топ орыс тілінде оқытылады.
Бөбекжай қызметінің мақсаты – 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеу, қарау, күтіп-бағу және сауықтыруды қамтамасыз ету, мектепке дейінгі білім беру саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру. Баланың жағымды әлеуметтенуіне және жалпыадамзаттық әрі ұлттық құндылықтарға негізделген негізгі құзыреттерді меңгеруіне ықпал ететін, ұтқырлықты, икемділікті және вариативтілікті қамтамасыз ететін тәрбиелеу-білім беру процесінің компоненттерін жаңарту негізінде тәрбиелеу-білім беру ортасын құру арқылы мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру.






