oC
Барлық мектепке дейінгі ұйымдарда педагогтер арасында «Мектепке дейінгі ұйымдардың қажеттіліктерін зерделеу» тақырыбында сауалнама жүргізілді. Сауалнаманың мақсаты - педагогтердің өзекті қажеттіліктерін анықтау, кәсіби қызметте кездесетін қиындықтарды айқындау және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын жетілдіру бағыттарын белгілеу. Сауалнама барысында педагогтер білім беру процесін ұйымдастыру, әдістемелік қолдау көрсету, біліктілікті арттыру және кәсіби даму мәселелері бойынша өз пікірлерімен бөлісті. Сауалнама нәтижелері әдістемелік қолдаудың басым бағыттарын анықтауға, педагогтердің өзекті сұраныстарын айқындауға және мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін одан әрі жетілдіру жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді. Педагогтердің пікірін ескеру - мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру жолындағы маңызды қадам! 65165-1 65165-1 65165-1