oC
Балалар пластиктің не екенін, қоқысты не үшін сұрыптау керектігін және қолданылған заттарға қалай екінші өмір беруге болатынын білді. Әсіресе пластикті қайта пайдалану мәселесіне ерекше көңіл бөлінді — қарапайым бөтелкенің өзінен пайдалы әрі әдемі бұйым жасауға болатыны айтылды. Шабыт алған балалар өз қолдарымен пластик бөтелкелерден қаламсаптар мен қарындаштарға арналған стақандар, пеналдар жасап, оларды әдемілеп бояды. Әр бала өз қиялын көрсетіп, жұмыстары жарқын, ұқыпты әрі ерекше болып шықты 🎨 Осындай іс-шаралар балалардың экологиялық ойлауын қалыптастырып, шығармашылық қабілеттерін дамытады және қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға үйретеді 💚 whatsapp-image-2026-05-25-at-13_47_22 whatsapp-image-2026-05-25-at-13_47_38