oC

Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №7 бөбекжайы» КМҚК қазақ тілінде оқытатын топтағы тәрбиешілер бос лауазымына орналасуға конкурстың қорытындысы

2025 жылдың 26 тамызында №7 бөбекжайында қазақ тілінде оқытатын топтағы 3 бірлік бос тұрған педагог лауазымына орналасуға конкурс комиссиясының отырысы өтті.

Конкурсқа қатысатын педагог қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын негізгі талаптар – тиісті салада жоғары педагогикалық (мектепке дейінгі) немесе кәсіптік білімінің болуы, педагогикалық қызметкерлердің үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкестігі болып табылады.

Бос лауазымға орналасуға конкурсқа қатысатын педагог қызметкерлер Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерін білуі тиіс. Сондай-ақ психология мен педагогиканы, алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерін, қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау ережелерін, санитарлық ережелерді білу; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру бойынша нормативтік-құқықтық құжаттар.

1. Дамира Кайратовна Смаилова – тәрбиеші, еңбек өтілі – 7 жыл 11 ай, біліктілік санаты – педагог-модератор.

Д.К. Смаилова конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесін, біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіптік даярлық деңгейіне қатысты қосымша мәліметтерді (біліктілікті арттыру, аттестациядан өту туралы құжаттардың, ғылыми жарияланымдар және т.б. көшірмелері) ұсынады.

Бес адамнан тұратын Конкурстық комиссия құжаттардың біліктілік талаптарына сәйкестігін қарады. Үміткерлердің құжаттарын қарау нәтижелері бойынша Комитет үміткерлерді бағалау парағындағы ұпайларды есептеді.

Жиналған ұпайлар негізінде қабылдау комиссиясы мемлекеттік тілде оқытатын топтағы тәрбиеші бос лауазымына А.Ж. Дуйсенованың кандидатурасын мақұлдау туралы шешім қабылдады. Жұмысқа 2025 жылдың 4 тамызынан бастап кірісуге болады.