Осы тұрғыда “Адал азамат” бағдарламасы жас ұрпақты рухани-адамгершілікке тәрбиелеуді, ұлттық мәдениетке құрметпен қарауды мақсат етеді. Бағдарлама аясында ұйымдастырылатын іс-шаралардың бірі – ұлттық ойындар, соның ішінде асық ойыны.Асық ойыны – қазақтың ертеден келе жатқан дәстүрлі ойыны. Бұл ойын балалардың мергендігін, ептілігін, дәлдігін дамытады. Сонымен қатар, асық ойнау барысында балалар бір-бірімен қарым-қатынас жасап, достыққа, әділдікке үйренеді