Біздің балабақшада ұжыммен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Кездесу барысында адалдық, ашықтық және жауапкершілік қағидалары, сондай-ақ білім беру ортасында сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне жол берілмейтіні талқыланды.Сонымен қатар, заңнама талаптарын сақтау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Мұндай іс-шаралар ата-аналардың сенімін нығайтып, тәрбиеленушілер үшін ашық, әділ және қауіпсіз орта қалыптастыруға ықпал етеді.

