25 қазан - Қазақстан тарихындағы маңызды күндердің бірі. Дәл осы күні 1990 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданды. Бұл тарихи және өте маңызды шешім. Біздің еліміздің тәуелсіздігі осы күннен басталады. Сондықтан бұл күнді ұлттық мереке ретінде бекіту мемлекеттік пен егемендік тұрғысынан маңызды қадам болып табылады Республика күнін мерекелеу қарсаңында №7 бөбекжайы қызметкерлері концерт ұйымдастырды. Ерекше көзге түскен адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және жұмысқа жауапкершілікпен қарағаны үшін құрмет грамоталарымен марапатталды.