Әрбір ата-ана балаларының мейірімді, жылы шырайлы, жанашыр болғанын қалайды. “Біздің кішкентай бауырларымызды” ұнатпайтын, оларға ешқашан қамқорлық көрсетпеген мейірімді адам бола алмайды. Баланы құстарға күтім жасау іс-әрекетіне тарта отырып, ересектер ондағы сезімталдықты, басқа өмірді түсіну қабілетін дамытады, эмпатияға итермелейді, іспен көмектесуге дайын болуға тәрбиелейді.

