
Құрметті ата-аналар!
Балалардың қауіпсіздігі – біздің ортақ жауапкершілігіміз!
- Балаларды ашық терезелердің жанында ешқашан қараусыз қалдырмаңыздар!
- Терезелерге арнайы бекіткіштер мен ашылуын шектейтін құрылғыларды орнатыңыздар!
- Бала терезе алдына өздігінен шығып кетпеуі үшін жиһаздарды терезелердің жанына орналастырмаңыздар!
- Естеріңізде болсын: москиттік тор баланы құлап кетуден қорғамайды!
- Бөлмелерді желдету кезінде сақтық шараларын сақтаңыздар!
Естеріңізде болсын!
Бірнеше секундтық немқұрайлылықтың өзі қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.
- Қауіпсіз балалық шақ ересектердің қамқорлығы мен жауапкершілігінен басталады!
Балаларыңызды қорғаңыздар! Олардың өмірі мен денсаулығы – ең қымбат құндылық!

