🎉 Комарова Дина Витальевна республикалық «Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері» байқауының облыстық кезеңінде І орын иеленуімен шын жүректен құттықтаймыз! 🏆
Сізге зор денсаулық, кәсіби қызметіңізде толағай табыстар, жаңа жеңістер мен шығармашылық шабыт тілейміз! Бұл нәтиже — Сіздің жоғары кәсіби шеберлігіңіздің, шығармашылық ізденісіңіздің және өз ісіңізге деген адалдығыңыздың айқын дәлелі. 🌷
Әрдайым алға нық қадам басып, жаңа биіктерді бағындырып, ең батыл идеяларыңызды жүзеге асырып, еңбегіңіздің
лайықты бағасын ала беруіңізге тілектеспіз!
Сізбен мақтанамыз! Жеңісіңіз құтты болсын! 🥇👏

