Біздің №7 балабақшамыз бір күнге нағыз кино түсірілімінің алаңына айналды! 🎥
Балабақшамызда танымал қазақстандық актер Азамат Сатыбалдының қатысуымен «Дерт» фильмінің түсірілімі өтуде.
Фильмнің бас режиссері әрі продюсері — Назгүл Қарабалина.
Шығармашылық үдерістің бір бөлігі болып, киноның балабақшамызда дүниеге келуіне куә болу — біз үшін үлкен мәртебе. Бұл ерекше оқиға ұжымымызға жаңа әсер сыйлап, жарқын эмоция қалдырды.
Түсірілім тобына шығармашылық шабыт, жұмыстарына сәттілік және фильмнің көрермендер тарапынан үлкен қызығушылыққа ие болуын тілейміз!
#28_company
#azamatsatybaldy
#karabalina nazgul